Еурокомиссия: жемқорлықтан келетін жыл сайынғы шығын 120 млрд. еуро - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еурокомиссия: жемқорлықтан келетін жыл сайынғы шығын 120 млрд. еуро

Еурокомиссия: жемқорлықтан келетін жыл сайынғы шығын 120 млрд. еуро

Жыл сайын сыбайлас жемқорлықтан Еуроодақ экономикасына келетін шығын 120 миллиард еуроға бағаланып отыр.

  • 7 Маусым 2011
  • 404
Фото - Caravan.kz

Бұл Одақтың жалпы ішкі өнімінің 1 пайызын шамалайды. Жалпыеуропалық деңгейдегі жемқорлықпен күресуді күшейту шараларын таныстырған Ішкі мәселелер жөніндегі еурокомиссар Сесилия Мальмстрем осындай мәліметті жария етті.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлықтың түрлері инвестициялардың деңгейін төмендетіп, мемлекеттік мекемелер мен ведомстволардың қалыпты жұмысына кедергі келтіріп, сондай-ақ бюджеттердің кірісін қысқартып, Еуроодақ елдеріне үлкен зиян келтіруде. Еуропаның әрбір бес азаматының төртеуі жемқорлықты өз елдерінің негізгі проблемасы санайды екен.

«Сыбайлас жемқорлықпен күресу басымдықты назарды талап етеді. Халықаралық және еуропалық деңгейдегі құқықтық шарттар жеткілікті болғанымен, олардың жүзеге асырылуы әлі де болса кемшін екенін көріп отырмыз. Мен үшін бір нәрсе анық. Ол — саясаткерлер мен органдарға осынау құбылыспен күресуде саяси еріктің жетіспеуі»,- деп атап көрсетті еурокомиссар өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар