Еуроодақ елдерінің Қазақстан экономикасына арнаған инвестициясының басым бөлігі мұнайгаз секторының үлесінде - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуроодақ елдерінің Қазақстан экономикасына арнаған инвестициясының басым бөлігі мұнайгаз секторының үлесінде

Еуроодақ елдерінің Қазақстан экономикасына арнаған инвестициясының басым бөлігі мұнайгаз секторының үлесінде

Еуроодақ елдерінің Қазақстан экономикасына салған инвестициясының басым бөлігі

  • 8 Желтоқсан 2003
  • 862
Фото - Caravan.kz

бұрынғыдай мұнайгаз секторының үлесінде қалып отыр. Бұл туралы Қазақстандағы Еуропалық бизнес қауымдастығының төрағасы Майкл Уилсон бүгін, 8-желтоқсанда Алматыда хабарлады.

Ол Каспий қайраңындағы мұнай кеніштерін игеруге пейіл білдіріп отырған Еуропалық компаниялардың көп екенін атап көрсетті. Дейтұрғанмен, М.Уилсонның хабарлауынша, үлкен көлемдегі Еуропалық инвестиция азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, банк секторы, көлік және ауылшаруашылығы саласына да құйылуда. Мәселен, Қазақстандағы Еуропалық бизнес қауымдастығының мүшелері Қазақстан экономикасының 30 саласына инвестиция салып отыр.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2002-жыл қорытындысы бойынша, республика экономикасына құйылған жыл сайынғы инвестиция көлеміне қарай Еуропалық Одақ АҚШ-ты қуып жетіп, алдыңғы орынға шықты. Мәселен, Еуропалық Одақтың Қазастан экономикасына салған инвестициясының үлес салмағы 2001-жылы жалпы инвестиция көлемінің 31,7%-тін иемденсе (1,399 млрд. доллар), 2002-жылы бұл үлес 40,7%-ке дейін өсті (1,656 млрд. доллар), ал 2003-жылдың 1-тоқсанында ол 42,3%-ті құрап 418 млн. долларға жетті. Салынған инвестиция көлемі бойынша алдыңғы орын Ұлыбританияның { 13,5% (595,4 млн. доллар ), 15,3% (622,1 млн. доллар), 14% (138,7 млн. доллар )} үлесінде. Бұдан кейінгі орындарды Италия, Нидерланды, Германия, Франция елдері иемденді. Есепті мерзімде АҚШ үлесі тиісінше 33,1% ($1,464 млрд.), 24,7% ($1,007 млрд.), 30,2%-ті ($298,2 млн.) , ал ТМД елдерінің үлесі тиісінше 5,2% ($230,7 млн.), 5,4% ($220,4 млн.), 5,1%-ті ($49,9 млн.) құрады.
Сондай-ақ, Қазақстандағы Еуропалық бизнес қауымдастығы төрағасының хабарлауынша, Еуропалық Одақ сауда-саттық саласы бойынша Қазақстанның Ресейден кейінгі екінші орындағы әріптесі болып табылады. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда айналымы жалпы тауар айналымының 1/5 бөлігін иемденеді. Оның 20-25%-ті қазақстандық импорттың, 18-21%-ті қазақстандық экспорттың үлесінде. Өткен жылы Еуропа елдерінен әкелінген импорт көлемі 1,5 млрд. долларды, ал 2003-жылдың бірінші жартысында бұл көлем 955 млн. долларды құрады. Еуропалық Одақ елдеріне Қазақстаннан экспортталатын өнімдер ауқымы соңғы екі жылда едәуір азайып, үстіміздегі жылдың алты айында 772 млн. долларды құрады.
Қазақстандағы Еуропалық бизнес қауымдастығы Еуропалық Одақ елдерінен Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асырушы 100-ге жуық компанияны біріктіретін коммерциялық емес ұйым болып табылады. Бүгінде қауымдастықтың өкілдіктері Астана мен Алматыда жұмыс істейді. 2004-жылы осындай өкілдік Атырауда да ашылады деп күтілуде. Тұтастай алғанда қауымдастық әртүрлі жобаларды жүзеге асыру арқылы Қазақстандағы инвестициялық үлесін арттыра түспек ниетте.

Соңғы жаңалықтар