Қатысушылар 2014-2020 жылдарға арналған бюджеттің көрсеткіштері бойынша ешқандай шешім қабылдай алмады.
Еурокеңес басшысы Херман ван Ромпей хабарлағандай, келіссөздер бүгін түсте жалғасады. Бұған дейін ол кездесудің оңай болмайтындығын айтқан болатын. ЕО бюджетінің шығындарын оның мүшелері қаржыландыруда. Ұлыбритания мен Германия шығыстарды өсіру мүмкін емес деген тоқтамға келіп отырса, ЕО-ның ең кедей мүшелері, керісінше, анағұрлым қолдауға ие болуға тырысуда. Ал Франция Берлин тарапынан қарсылықтарға қарамастан, өзінің аграрлық кешені үшін субсидиялардың сақталуын сұрап отыр.