Еуроодақ пен Қазақстан ынтымақтастығының болашағы талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуроодақ пен Қазақстан ынтымақтастығының болашағы талқыланды

Еуроодақ пен Қазақстан ынтымақтастығының болашағы талқыланды

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко бастаған қазақстандық делегацияның сапары барысында Брюссельде төтенше жағдайлардың алдын алу,

  • 14 Шiлде 2011
  • 469
Фото - Caravan.kz

болжау және салдарын жоюдағы Қазақстан мен Еуроодақ ынтымақтастығының болашағы талқыланды.

Қазақстандық журналистерге берген сұхбатында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы атап өткендей, ЕО-ға мүше және мүше болуға кандидат 27 мемлекеттің төтенше жағдайларды реттеу қызметін бір жерге шоғырландырып, өңдеп және үйлестіріп отыратындықтан және де бүкіл әлем бойынша ауқымды гуманитарлық көмек көрсететін орган болғандықтан Қазақстан Еурокомиссиямен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қазір Үкімет дағдарыста әрекет ету жүйесі мен дағдарыс орталықтарын құру туралы шешім қабылдағандықтан біз үшін бұл тәжірибе өте маңызды. Және де Еуроодақтың дағдарыс орталығында жинаған тәжірибесі біз үшін өте пайдалы болады», — деді В.Божко.

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрі біздің еліміз ақпараттық-сараптамалық жұмыс және дағдарыстық жағдайларды болжау саласында еуропалық мамандармен тәжірибе және білім алмасуға да мүдделі екенін жеткізді.

Өз кезегінде халықаралық ынтымақтастық, гуманитарлық көмек және дағдарыстық жағдайларда әрекет ету мәселелері жөніндегі еурокомиссар Кристалина Георгиева атап өткендей, Қазақстанда төтенше жағдайларда әрекет ету жүйесі бар, сондықтан ҚР ТЖМ басшысымен болған кездесу болашақтағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамыту тұрғысында өте тиімді болды.

Перейти к новостям спорта