Еуроодақ Қазақстанды өз инвестициялары үшін сенімді орын ретінде қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуроодақ Қазақстанды өз инвестициялары үшін сенімді орын ретінде қарайды

Еуроодақ Қазақстанды өз инвестициялары үшін сенімді орын ретінде қарайды

Брюссельде Еуропалық комиссияның бастамасы бойынша Қазақстанның мұнай және газ вице-министрі Берік Толымбаев энергетика жөніндегі Еуроодақ комиссары кабинетінің басшысы Микаэл Кёхлермен кездесу өткізді.

  • 30 Маусым 2011
  • 342
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуроодақтың энергетика мәселелері жөніндегі ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады.

Келіссөздер барысында Б.Толымбаев Қазақстан тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде ұлттық мұнай-газ саласын дамыту саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Ел басшылығының мақсатты шаралары жақсы инвестициялық климат орнатуға мүмкіндік жасаса, ол өз кезегінде ірі елдермен арадағы энергетикалық ынтымақтастықтың артуына көмектесті, ол елдердің арасында Еуроодақ ерекше рөл атқарады.

Қазақстанмен орнатқан қарым-қатынасты сипаттай келген ЕО энергетика жөніндегі комиссар кабинетінің басшысы біздің республикамыз Еуроодақтың орталықазия өңіріндегі негізгі әрі ең дамыған әріптестерінің бірі екеніне тоқталды.

«Еуроодақ Қазақстанмен диалог орнатуға дайын және де біз елдеріңізді еуропалық инвестиция үшін сенімді орын ретінде қарай отырып, ынтымақтастықтың көптеген перспективті бағыттарын көріп отырмыз»», — деді М.Кёхлер.