Еуроодақ Қазақстанның халықаралық конвенцияларды орындауға деген талпынысын құптайды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуроодақ Қазақстанның халықаралық конвенцияларды орындауға деген талпынысын құптайды

Еуроодақ Қазақстанның халықаралық конвенцияларды орындауға деген талпынысын құптайды

Еуроодақ босқындар мәртебесі туралы 1951-жылғы БҰҰ конвенциясына сәйкес жүктеп алған міндеттемесін орындаған Қазақстанның қадамын қолдайды. Бұл туралы бүгін, 15-шілдеде Алматыдағы Ұлыбритания елшілігі таратқан Еуроодақтың мәлімдемесінде айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Шiлде 2005
  • 417
Фото - Caravan.kz

Еуропалық Одақ Өзбекстан азаматы Латфулло Шамсутдиновтың отбасымен бірге БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссары басқармасының қорғауына алынғанына қанағаттанғандық білдіреді.

Еуропалық Одақтың бұл мәлімдемесіне Болгария, Румыния, Түркия, Хорватия, Албания, Македония, Сербия және Черногория, сондай-ақ, Украина мен Молдова біріккен.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өзбекстандық құқық қорғаушы 5-шілдеде Алматыда ұсталған. Онымен бірге отбасының мүшелері де, әйелі мен төрт баласы ұсталды.
Л.Шамсутдинов Әндіжандағы оқиғаларға тәуелсіз зерттеу жүргізіп жүрген. Алайда ол Өзбекстандағы билік тарапынан құқық қорғаушылар мен журналистерге қысым көрсетіле бастаған кезде өз отанынан қашып шығуға мәжбүр болды. Артынан Қазақстан жағы Өзбекстан азаматын БҰҰ-ның босқандар істері жөніндегі бас комиссары басқармасының қорғауына өткеріп беруге шешім қабылдады.

Перейти к новостям спорта