Еуроодақ саммиті сәтсіздікке ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуроодақ саммиті сәтсіздікке ұшырады

Еуроодақ саммиті сәтсіздікке ұшырады

Еуропалық одаққа мүше 27 мемлекеттің басшылары еуропалық елордада өткен екікүндік саммиттің қорытындысында 2014-2020 жылдарға арналған ЕО-ның жаңа бюджетін қабылдау мәселесінде ортақ келісімге келе алмады.

  • 24 Қараша 2012
  • 334
Фото - Caravan.kz

ЕО кеңесінің төрағасы Херман Ван Ромпей бюджеттің көлемі және оның құрылымы бойынша көтерілген мәселе тұйыққа тірелгендігі анық байқалғаннан кейін жалпы сессияның пікірсайысын тоқтатуға мәжбүр болды.

ЕО кеңесінің төрағасы Х.Ромпейдің атап өтуінше, Еуропалық Кеңес төраға (авт. — ЕО кеңесінің төрағасы) мен Еурокомиссияның төрағасына 2014-2020 жылдарға арналған көпжылдық бюджетке қатысты бәтуаластық іздестіру үшін бірлесіп жұмыстар мен консультацияларды жалғастыруға мандат берді.

Оның сөзіне қарағанда, Брюссельде өткен екікүндік келіссөздер келесі жылдың басында бюджетке қатысты келісімге қол жеткізу мүмкіндігін паш етті.

Ал өз кезегінде Еурокомиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозу келіссөздер мемлекет және үкімет басшыларының өз әріптестерінің ұстанымдарын барынша түсінуге мүмкіндік бергендігін атап өтті.

Соңғы ұсынған жобада 2014-2020 жылдарға арналған бюджеттің жалпы шығыстары 972 млрд. еуро немесе ұлттық жалпы кірістің 1,01 пайызы көлемінде белгіленген.

Айта кетейік, ЕО бюджетінің шығыстарын оның мүшелері қаржыландырады.