«Біз Семей өңірін әдейі таңдап алдық, себебі мұнда бұрын жүргізілген ядролық сынақтардан экономикаға нұқсан келгенін жақсы білеміз. Біз ұсынып отырған жобаның біреуі жер асты сынақтарынан жараланған аймақты қалпына келтіруге арналған»,-дейді дипломат. Тағы екі жоба үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге бағытталған. «Осы жобалардың бірі сайлау кампанияларына қатысты, екіншісі осы аймақта азаматтық қоғамды дамытуға , мәселен үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын ұйымдастыруға арналған»,-деп түсіндірді елші.
Елшінің айтуынша, Еуроодақ осы өңірде болашақта жалпы сомасы 3 млн евроны құрайтын 29 жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. «Біз 2007-2010 жылдарға арналған бағдарламамызды жоспарлай бастадық»,- дейді . Адриан ван дер Меер
«Семейге сапары барысында осы жобаларды жүзеге асыру жолдары туралы толық ақпарат алмақ» ниетте.