«Түркияның Еуроодаққа мүшелігіне қатысты келіссөздерге кейбір елдермен арадағы құқықтық даулары кедергі болып отыр. Ол қазір ілгері жылжымауда. Түркия өз заңдарын Еуроодақ заңнамасына сәйкестендіруі керек», — дейді Янош Ховари.
Оның айтуынша, Түркияның Еуроодақ елдерімен арадағы сауда-экономикалық қатынасы қарқынды дамып келе жатыр. Тауар айналымы жыл өткен сайын ұлғаюда. Қазір 10-20 жыл бұрынғыға қарағанда Түркияның геосаяси рөлі айқындалды. Еуроодақ елдері Түркияның Таяу Шығыс пен Азиямен арада көпір бола алатынын айқын түсінеді.