Еуроодақ үшін Түркия Таяу Шығыс пен Азия елдерімен арадағы көпір қызметін атқара алады

"Түркияның Еуроодаққа мүшелігіне қатысты келіссөздерге кейбір елдермен арадағы құқықтық даулары кедергі болып отыр. Ол қазір ілгері жылжымауда. Түркия өз заңдарын Еуроодақ заңнамасына сәйкестендіруі керек", - дейді Янош Ховари.

Оның айтуынша, Түркияның Еуроодақ елдерімен арадағы сауда-экономикалық қатынасы қарқынды дамып келе жатыр. Тауар айналымы жыл өткен сайын ұлғаюда. Қазір 10-20 жыл бұрынғыға қарағанда Түркияның геосаяси рөлі айқындалды. Еуроодақ елдері Түркияның Таяу Шығыс пен Азиямен арада көпір бола алатынын айқын түсінеді.