Еуроодақта роуминг бағасы арзандауда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуроодақта роуминг бағасы арзандауда

Еуроодақта роуминг бағасы арзандауда

Еуродақтың барлық ұялы байланыс операторлары бүгіннен бастап мобильді роуминг бағасын төмендетеді,

  • 1 Шiлде 2011
  • 435
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Еурокомиссияның баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, 2007 жылы енгізілген және 2009 жылы өзгертілген «Еуротариф» ережесіне сәйкес, мобильді роуминг тұтынушылары біріккен Еуропаның аумағында 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап шығыс қоңыраулар үшін қазіргі 39 еуроценттің орнына әрі кеткенде 35 еуроцент төлесе, сырттан соғылған қоңырау үшін қазіргі 15 еуроценттің орнына 11 еуроцент төлейтін болады.

Еурокомиссияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл баға 2012 жылдың 30 маусымына дейін сақталады. Еуропалық өкіметтің діттеген негізгі мақсаты — 2015 жылға дейін ұлттық телекоммуникациялық тарифтерді роумингмен теңестіру.

Соңғы жаңалықтар