Еуроодақтың аймақтық стретегиясын жасауда Орталық Азия елдеріндегі саяси реформалардың деңгейі әртүрлі екенін ескеру қажет - Назарбаев пен Соланоның кездесуі - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуроодақтың аймақтық стретегиясын жасауда Орталық Азия елдеріндегі саяси реформалардың деңгейі әртүрлі екенін ескеру қажет - Назарбаев пен Соланоның кездесуі

Еуроодақтың аймақтық стретегиясын жасауда Орталық Азия елдеріндегі саяси реформалардың деңгейі әртүрлі екенін ескеру қажет - Назарбаев пен Соланоның кездесуі

АСТАНА. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельде Еуропалық Одақ Кеңесінің Бас хатшысы Хавьер Соланомен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Желтоқсан 2006
  • 429
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропа арасындағы ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері және халықаралық проблемалар бойынша пікір алмасылды. Тараптар Еуроодаққа Германия мемлекеті төраға болатын 2007 жылдың бірінші жартысында Еуроодақтың Орталық Азия елдеріне қатысты жаңа кешенді стратегиясының қабылдану маңыздылығын атап көрсетті. Алайда, Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың деңгейі әртүрлі болғандықтан, Еуроодақтың аймақтық стретегиясында осынау жайттың ескерілу қажеттігі атап көрсетілді. Х.Солана Қазақстанның Орталық Азиядағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мен аймақтық кооперацияны ілгерілетудегі көшбасшы ретіндегі маңызды роліне назар аударып өтті.

Кездесуде сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы қарсаңында энергетикалық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Қазақстан президентінің Брюссельге сапары аясында қол қойылған екіжақты энергетикалық құжаттардың — Өзара түсіністік туралы меморандум мен Ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің маңыздылығы атап көрсетілді.

Қазақстан мен Брюссельдің арасындағы қолданыстағы Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің мерзімі үш жылдан кейін аяқталатындығын тараптар назарға ала отырып, Қазақстан — Еуроодақ қатынастарын жаңа сапалық деңгейге көтеру қажеттігімен келісті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта