Еуропа Лигасы матчындағы «Ақтөбе» мен киевтік «Динамо» ойыншыларының құрамы жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропа Лигасы матчындағы «Ақтөбе» мен киевтік «Динамо» ойыншыларының құрамы жарияланды

Еуропа Лигасы матчындағы «Ақтөбе» мен киевтік «Динамо» ойыншыларының құрамы жарияланды

«Ақтөбенің» бас жаттықтырушысы Владимир Никитенко футболдан Еуропа Лигасының финалдық іріктеу раундысында киевтік «Динамоға» қарсы бірінші кездесуге қатысатын қазақстандық команданың құрамын жариялады, деп хабарлады Vesti.kz.

  • 23 Тамыз 2013
  • 441
Фото - Caravan.kz

Ойынның алғашқы минуттарынан Сидельников (қақпашы), Мулдаров, Бадло (капитан), Арзуманян, Логвиненко, Харабара, Хайруллин, Ковальчук, Кападзе, Давыдов және Гейнрих қатысады.

Өз кезегінде «Динамо» бас жаттықтырушысы Олег Блохин мына футболшыларды ойынға шығарады: Шовковский (қақпашы және капитан), Вида, Драгович, Тремулинас, Хачериди, Вукоевич, Аруна, Ярмоленко, Бельханда, Дуду және Идейе.

Еске сала кетейік, Ақтөбе қаласының Орталық стадионында өтетін матч Астана уақытымен 19:00-де басталады. Кездесуді тікелей эфирде KazSport және "Қазақстан" телеарналары көрсетеді.


Бұған қосарымыз, жауап ойын 29 тамызда Киевте «Олимпийский» Ұлттық спорт кешенінде өтеді. Атап өтерлігі, бұл матч жанкүйерлердің қатысуынсыз өтеді. УЕФА-ның Тәртіптік комитеті осындай шешім қабылдады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера