Еуропа лигасы: «Русенборг» - «Ордабасы» 2:2 - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропа лигасы: «Русенборг» - «Ордабасы» 2:2

Еуропа лигасы: «Русенборг» - «Ордабасы» 2:2

Кеше Шымкенттің «Ордабасы» футбол командасы Норвегияның Тронхейм қаласында «Русенборг Баллклуб» командасымен Еуропа лигасының 2-дәрежелік раундындағы алғашқы кездесуін өткізді.

  • 20 Шiлде 2012
  • 602
Фото - Caravan.kz

Аса тартысты өткен бұл ойында шымкенттіктер өз елінің 22 дүркін чемпионы атанған тронхеймдіктермен 2:2 есебімен тең түсті. Онда Алмат Бекбаев қорғаған «Ордабасы» қақпасының кілтін 33-минутта алан иелері бірінші боп ашып, Боржек Дочкал өз командасын алға шығарған еді. Бұл ойыншы 45-минутта пенальтиден есепті одан ары ұлғайтты.

Кездесудің екінші жартысында шымкенттіктер есепті теңестірді. Алдымен 75-минутта Роман Пахолюк, ал 90 минутта Гуэй Мансур көзге түсіп, таблодағы көрсеткішті өзгертті. Енді бұл раундтың жеңімпазы 26 шілде күні Алматының Орталық стадионында өтетін қарымта ойында белгілі болады.