Еуропа Лигасының «Атромитос» - АИК матчына қазақстандық төрешілер бригадасы төрелік етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропа Лигасының «Атромитос» - АИК матчына қазақстандық төрешілер бригадасы төрелік етеді

Еуропа Лигасының «Атромитос» - АИК матчына қазақстандық төрешілер бригадасы төрелік етеді

 Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі грекиялық «Атромитос» пен швециялық АИК матчына Артем Кучин бастаған қазақстандық төрешілер тобы тағайындалды.

  • 4 Тамыз 2015
  • 450
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағандылық төреші осы маусымда Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіндегі «Астра» (Румыния) — «Инвернесс» (Шотландия) матчында қызмет атқарып, ойыншыларға 4 сары қағаз көрсеткен.

Артем Кучинге тараздық Евгений Бельский мен атыраулық Анатолий Ходин көмектеседі. Төртінші төреші — Александр Гаузер (Петропавл).

Айта кетейік, «Атромитос» пен АИК матчы 6 тамыз күні Афиныда өтеді. Командалардың алғашқы ойыны 3:1 есебімен грекиялық футболшылардың пайдасына шешілген еді.