Голландияның Алкмаар қаласында өткен бұл кездесуде «Ақтөбе» қақпасына Бретт Холмэн (20-шы минутта) және Понтус Вернблом (27-ші минутта) гол салды.
«Ақтөбе» сапындағы негізгі ойыншылар Тлешев, Боно, Ба, Хайруллин және Перич екі «сары қағаздан» алып қойғандықтан, бұл ойынға қатыса алмады. Резервтегі жас ойыншылардың халықаралық тәжірибелері аздығына қарамастан, матчтың екінші кезеңі тең жағдайда өтті.
Ойын барысында белсенділіктерімен көзге түскен Аслан Дарабаев, Еміл Кенжесариев және Самат Смақов көзге түсетін мүмкіндіктері бар болатын. Алайда «АЗ» қақпасын күзеткен Дидулицаның қақпасы ақтөбеліктердің аяқдопшыларымен сол бойы алынбады.
Келесі екі команда арасындағы жауапты ойын Ақтөбеде тамыздың 26-сы күні өтеді.