Еуропа, Ресей, ТМД және Балтық жағалауы елдерінің энергетикалық жүйлерін біріктіру туралы техника-экономикалық негіздемені бірлесе жасау туралы келісімге Брюссельде қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропа, Ресей, ТМД  және Балтық жағалауы елдерінің энергетикалық жүйлерін біріктіру туралы техника-экономикалық негіздемені бірлесе жасау туралы келісімге Брюссельде қол қойылды

Еуропа, Ресей, ТМД және Балтық жағалауы елдерінің энергетикалық жүйлерін біріктіру туралы техника-экономикалық негіздемені бірлесе жасау туралы келісімге Брюссельде қол қойылды

19-сәуірде Брюссель қаласында РАО "ЕЭС Россия" компаниясы басқармаларының мүшесі Борис Аюев пен Еуропадағы электр қуатын жалғастыру ісін үйлестіру жөніндегі Одақтың (UCTE) президенті Мартин Фукс Батыс, Орталық және Оңтүстік Еуропаның энергетикалық жүйесін Ресейдің Біртұтас энергетикалық жүйесімен, сондай-ақ, ТМД мен Балтық жағалауы елдерінің параллель жұмыс істейтін энергетикалық жүйелерімен синхронды біріктіру туралы техника-экономикалық негіздемені бірлесе жасау туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне РАО "ЕЭС Россия" компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Сәуiр 2005
  • 698
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл келісімге қол қою нәтижесінде техника-экономикалық негіздеменің жобасы жасала бастайды. Негіздеме аталмыш энергетикалық жүйелердің ырғақты жұмыс істеу тиімділігін бағалап, тараптардың талаптары мен жобаны жүзеге асыруға қатысты шығындарды айққындайды. Бұған дейін жоба «Ресей мен Еуропалық Одақ арасындағы энергетикалық диалог» шеңберінде саяси қолдауға ие болған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, техника-экономикалық негіздеменің жобасын жасауды ТМД электрэнергетикалық кеңесі мен Еуропадағы электр қуатын жалғастыру ісін үйлестіру жөніндегі Одақ (UCTE) бірлесе басқарады.
Зерттеу жұмыстарын UCTE консорциумына біріккен Бельгия, Болгария, Венгрия, Германия, Польша, Испания, Франция, Словакия және Румыниялық жүйелік операторлардың сарапшылары мен Беларусь, Қазақстан, Латвия, Литва, Молдова, России, Украина және Эстония елдерінің энергетикалық компанияларының сарапшылары іске асырады.
Еуропа, Ресей және ТМД елдерінің энергетикалық жүйелерінің бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін зерттеу есебі 2006-жылдың аяғында жарық көреді деп күтілуде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ТМД электрэнергетикалық кеңесі электр энергетикасы саласында Достастық елдерінің мемлекетаралық қарым-қатынастарын үйлестіру туралы ТМД үкімет басшылары 1992-жылдың 14-ақпанында қол қойған келісімге сәйкес құрылған. Кеңестің басты мақсаты — біріккен электр энергетикасы жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі негізінде мемлекеттерді электр қуатымен сенімді әрі тұрақты қамтамасыз ету бағытында өзара үйлесімді іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
ТМД электрэнергетикалық кеңесіне Әзербайжан, Грузия, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украинаның электр энергетикасын басқарушы органдарының бірінші басшылары енеді. Кеңесті РАО «ЕЭС Россия» компаниясының төрағасы Анатолий Чубайс басқарады.

Перейти к новостям спорта