Жарияланды: 510

Еуропада жаңа кесел етек жаюда

Еуропада жаңа кесел етек жаюда. Осы күнге дейін 15 адамның өмірін жалмаған қауіпті кесел “Е.коли” ішек таяқшасы деп аталады.

Қайтыс болғандардың біреуі Швеция тұрғыны болса, қалған 14-і Германия азаматтары. Дерттің ошағы да Германияда. Бүгінгі күні бұл елде оны 1200-ден аса адам жұқтырыпты. Басым бөлігі елдің солтүстік өңірлерінің тұрғындары. Сонымен қатар “Е.Коли” ішек таяқшасы Ұлыбритания, Нидерланд, Дания және Швейцариядан да анықталып отыр. Ауруға шалдыққан адамдардың барлығы жуырда Германияда болған. Мамандардың айтуынша, аталған елдердегі эпидемиологиялық жағдай одан әрі ушыға түсуі мүмкін. Себебі:әзірге кеселдің неден тарағаны белгісіз.  Осы тұста еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Германия мен Испаниядан көкөніс жеткізетін компаниялардың міндетті түрде бактериологиялық зерттеуден өтуін талап етті. Айта кету керек, Қазақстан аумағында аталған ішек ауруларын жұқтыру дерегі тіркелмеген. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть