Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы Қазақстанға елді демократияландыруға қолұшын береді - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы Қазақстанға елді демократияландыруға қолұшын береді

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы Қазақстанға елді демократияландыруға қолұшын береді

Елді түбегейлі демократияландыру жөніндегі игі мақсатқа бет түзеген Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы жан-жақты қолұшын береді. Бұл туралы 7-маусымда Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Брюс Джордж мәлімдеді.

  • 7 Маусым 2003
  • 607
Фото - Caravan.kz

Брюс Джордждың айтуынша, президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде 7-8- маусымда Алматыда өтетін Трансазиялық парламенттік форумның күн тәртібіне енгізілген мәселелер өзара әңгімеге арқау болған.

Атап айтсақ, Орталық Азия аймағындағы терроризммен және экстремизммен күрес, аймақтағы қауіпсіздікті нығайту , Орталық Азия Республикаларының экономикалық даму мәселесі, Қазақстандағы демократияландыру процессін дамыту, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына мүшелікке өту барысында Қазақстанның жүктеп алған міндеттемелерінің орындалуы туралы мәселелер төңірегінде пікір алмасылған.
Тәуелсіздікке ие болған жылдарда Қазақстан азаматтық қоғам құру және елді демократияландыруда айтарлықтай табыстарға қол жетізді ,- деді Брюс Джордж.
«Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру барысында Республика кездестірген қиындықтар тек осы елге ғанан тән емес, ол баршаға ортақ.» ,-дей келіп ол Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы алдындағы міндеттемелерін орындау барысында Ұлыбританияның да өзіндік қиындықтарға душар болып отырғанын атап өтті.