Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Азия елдерінің өкілдері Сеул қаласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласы бойынша тәжірибе алмасты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Азия елдерінің өкілдері Сеул қаласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласы бойынша тәжірибе алмасты

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Азия елдерінің өкілдері Сеул қаласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласы бойынша тәжірибе алмасты

25-26-сәуірде Сеул қаласында "Тұрақтылыққа төнген тың қатерлер және қауіпсіздіктің жаңаша парадигмасы" тақырыбы бойынша Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Корея арасындағы екінші конференция өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Сәуiр 2005
  • 651
Фото - Caravan.kz

Бас қосу барысында Солтүсік Шығыс Азия аймағындағы ынтымақтастық пен қауіпсіздікті нығайту мәселелері сарапқа салынды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер мен Азия елдерінің өкілдері аймақтағы қазіргі ахуалмен сабақтастыра отырып Еуро-Атлантика және ЕурАзия аймақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәжірибесімен алмасты.

Бас қосуға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының қазіргі жетекшісі Димитрий Рупель, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Ян Кубиш, Кореяның сыртқы істер және сауда министрлігінің басшылығы, Азия және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына мүше-елдердің жоғары лауазым иелері қатысты.
Қазақстандық өкілдерді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Рахат Әлиев басқарды. Қазақстандық делегацияның жетекшісі өз сөзінде аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты Қазақстанның көзқарасы мен ұстанымын ортаға салып, өкілдерді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы мен Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес ұйымының бірлескен форумын өткізу туралы бастамадан хабардар етті.
Конференция шеңберінде Р.Әлиев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас хатшысымен және ұйымның бірқатар Азиялық әріптестерінің делегациясы жетекшілерімен келіссөздер жүргізді.

Перейти к новостям спорта