Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанның демократиялық реформалар саласындағы жетістіктерін жоғары бағалайды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанның демократиялық реформалар саласындағы жетістіктерін жоғары бағалайды

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанның демократиялық реформалар саласындағы жетістіктерін жоғары бағалайды

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанның демократиялық реформалар саласындағы жетістіктерін жоғары бағалай отырып, елдің Орталық Азия аймағындағы роліне айрықша маңыз береді. Бүгін, 17-мамырда Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевпен кездесу барысында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы Норвегия елшісі Мете Конгсхем осындай мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 17 Мамыр 2004
  • 712
Фото - Caravan.kz

«Біз Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы демократиялық реформалардың локомотиві ретінде танығымыз келеді»,- деді М.Конгсхем.

Елші Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында «тек экономикалық реформаларды бастан кешіріп қана қоймай, демократиялық жаңартуларға да ден қойды» деп атап көрсетті. «Ең бастысы -Қазақстан дұрыс бағытқа бет түзеді»,- деді ол. Осы орайда ол «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы қолға алған істі еңсеруде Қазақстанға қолұшын беруге дайын» деп мәлімдеді.
Қазақстандағы демократиялық өзгертулерге тоқталған М.Конгсхем Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан Қазақстанда «Сайлау туралы» жаңа заңның қабылдануына мүдделілік танытылғанын еске салды. Ел парламенті бекіткен жаңа сайлау заңын «сайлаудың өзі тексеріп сынайды»,- дейді елші. Елші сондай-ақ, алдағы күздегі сайлау «ашық әрі әділетті өтеді» дегенге сенім білдірді.
Қазақстанның 2009-жылы ұйымға төрағалық жасау жөніндегі өтінішін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының мүшелері қолдайтындығы тағы бір атап өтілді. «Сіздер Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының барлық 54 мүшесінің қолдауына үміт арта аласыздар»,- деп мәлімдеді М.Конгсхем.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жанындағы Еуропалық елдердің елшілері Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі екі халықаралық пактіге бірігуіне жоғары баға берді. Елшілер аталмыш құжаттар тез арада бекітіледі дегенге сенім білдірді.
Сондай-ақ, кездесу барысында халықаралық байланыс пен ынтымақтастықты дамытудағы Қазақстанның ролі туралы талқыланды. Осыған байланысты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жанындағы Бельгия елшісі Бертран Де Комбрюгге Қазақстанның «конфессиялар арасында оң бағытты диалог орнатудағы бірегей үлгі бола білгенін» атап өтті. Елшілер республиканың былтыр Астанада «Әлемдік діндер құрылтайын өткізуін айрықша маңызды жетістік» деп атады. «Барлық дін өкілдерінің басын қосып емен-жарқын әңгіме өрбіту — өзара диалогтың дұрыс бастамасы. Әлемде бұдан өткен маңызды нәрсе жоқ»,- деді елшілер.

Соңғы жаңалықтар