Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға ықылас білдіру арқылы Қазақстан өзіне жүктеп алатын жауапкершілікті ұғынады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға ықылас білдіру арқылы Қазақстан өзіне жүктеп алатын жауапкершілікті ұғынады

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға ықылас білдіру арқылы Қазақстан өзіне жүктеп алатын жауапкершілікті ұғынады

Бұрынғы Кеңестік республикалардың арасынан Қазақстан бірінші болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға ықылас білдіру арқылы өзіне жүктеп алатын жауапкершілікті ұғынады. Бүгін, 3-қазанда Алматыда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының БАҚ мәселелері жөніндегі Орталық Азиялық 7-ші конференциясында сөз сөйлеген ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен ынтымақтастық мәселелерін жауаптанған Қазақстанның арнаулы өкілі Рахат Әлиев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Қазан 2005
  • 567
Фото - Caravan.kz



«Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға ықылас білдіру арқылы Қазақстан өзінің қарқынды экономикалық және саяси жаңалауға
бет алғанын, халықаралық және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында жауапты әрі сындарлы саясат ұстанатынын паш етеді»,- деді Р.Әлиев.
«Біз бірінші кезекте ұйымның мүддесін басшылыққа алып, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының бүкіл кеңістігінде оның стандарттарын қатаң қорғайтын боламыз»,- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта