А.Пуполстың айтуынша, «биыл ұйым аясында бұрынғыдан өзгеше қаржылық ахуал қалыптасып отыр : бұған дейін жекелеген жобаларды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше-донор елдер қаржыландырып келсе, биыл мұндай үрдіс қолданылмайды. Әзірге Венадан бюджеттің бекітілгені туралы жауап келген жоқ. Бірақ біз ұйым басшылығы қажетті қаржыны бөледі деген үміттеміз»,- дейді ол.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қазақстан аумағында жүзеге асыратын бір жобасының құны 15-30 мың евроны құрайды. А.Пуполстың айтуынша, ұйым ай сайын 3-5 жобаны жүзеге асырады.