А.Рупниктің айтуынша, құжатты «Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан өкілдері таратқан». «Елшілік жаргонда мұндай құжат «ойланып-толғануға арналған талғажау» деп аталады»,- деді ол.
А.Рупниктің айтуынша, «бұл құжатта Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының миссиясы барлық елдерде орналаспайды дей келіп, ұйымның жұмыс әдістемелеріне сын айтылған». «Өз басым Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше-елдер өкілдерінің ұйым жұмысына сын айтылған құжатқа Қазақстанның да қол қою дерегіне таңданыс білдірген пікіріне қосыламын»,- дей келіп орталық басшысы өз сөзін былай деп сабақтады: «Қазақстан 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға ниет білдіргені мәлім. Осындай жағдайда Қазақстанның ұйымды сын тезіне салған құжатқа қол қоюы тіптен оғаш»,- деді А.Рупник.
А.Рупниктің айтуынша, «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жанындағы тұрақты кеңес Венада орналасқан. Осы тектес мәселелерді кеңес әрбір бейсенбі сайын талқылайды. Әзірге бұл мәселе күн тәртібіне шығарылған жоқ. Дәл қазір Венада аталмыш құжат бойынша бейресми талқылауар мен кеңестер өткізіліп жатыр «.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2009-жылдан бастап төрағалық жасауға үміткер ретінде қарауды өтінген болатын. 2003-жылдың 18-ақпанында Венада өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тұрақты кеңесінің отырысында осы ұйымдағы Қазақстанның тұрақты өкілі Рахат Әлиев мемлекет басшылығының атынан мәлімдеме жасаған.