А.Рупниктің айтуынша, «әуежайда шекаралық тексеруге қатысты кейбір жағдаяттар туындағаны рас. Қазір барлық түсініспеушіліктер айқындалып, екі жақтан да аталмыш оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тарту жөнінде уағдаластық жасалған».
«Барлық қиындық ҚР СІМ-нің араласуымен реттелді. Қазір бұл оқиғаны қайтадан еске алудың қажеті жоқ деп санаймыз»,- деді А.Рупник.
Сондай-ақ, А.Рупник «төлқұжат тексеруі кезінде болған оқиғаның менің іс-қызметіме және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы орталығының жұмысына ешбір қатысы жоқ дегенді Қазақстанның ресми өкілдері мәлімдеді»,- деді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР шекара қызметінің шекарашылары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының еліміздегі орталығының төрағасы Антон Рупникті 21-қазанда Алматы-Астана бағытындағы рейспен Алматы әуежайынан ұшпақ болған жерінен төлқұжат тексеруі кезінде ұстаған болатын.