Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы С.Пасси ресми сапармен елімізге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы С.Пасси ресми сапармен елімізге келеді

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы С.Пасси ресми сапармен елімізге келеді

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Болгария сыртқы істер министрі Соломон Пасси ресми сапармен елімізге келеді. Бүгін, 5-сәуірде ол Астанаға ат басын тірейді деп күтілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Сәуiр 2004
  • 321
Фото - Caravan.kz

Сапар аясында С.Пасси Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, парламент сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаев, парламент мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбай, ҚР білім және ғылым министрі Жақсыбек Күлекеев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева, ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусейітов сынды ресми адамдармен жүздеседі.

Сондай-ақ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы саяси партиялардың басшыларымен, бейресми ұйымдардың және БАҚ-тардың өкілдерімен кездеспекші.

Соңғы жаңалықтар