Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сайлауға бақылау жасау жөніндегі миссиясы мәжілістің сайлау науқаны туралы аралық баяндамалар дайындауды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сайлауға бақылау жасау жөніндегі миссиясы мәжілістің сайлау науқаны туралы аралық баяндамалар дайындауды жоспарлап отыр

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сайлауға бақылау жасау жөніндегі миссиясы мәжілістің сайлау науқаны туралы аралық баяндамалар дайындауды жоспарлап отыр

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының сайлауға бақылау жасау жөніндегі миссиясы Қазақстан парламенті мәжілісіне депутат сайлау науқанының барысы туралы аралық баяндамалар дайындауды жоспарлап отыр. Осындай алғашқы баяндама 26-тамызда жария етілмекші. Бұл туралы бүгін, 13-тамызда миссия төрағасы Роберт Бэрри мәжіліс спикері Жармахан Тұяқбаймен кездесу барысында құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Тамыз 2004
  • 529
Фото - Caravan.kz

«Бақылаушылар үшін ең маңыздысы сайлау күні емес, сайлауа дейін және сайлаудан кейін болатын оқиғалар»,- дейді Р.Бэрри. Осыған байланысты оның айтуынша, Қазақстанның әр түкпіріне аттанатын миссия өкілдері «жағдайдан толыққанды хабардар болу үшін» саяси партиялардың өкілдерімен, депутаттықтан үміткерлермен кездеседі.

Миссияның алғашқы тұжырымы 16-тамыз, дүйсенбіде Алматыда өтетін баспасөз мәслихатында жария етіледі. Алдағы уақытта Р.Бэрридің айтуынша, сайлау науқанына қатысты аралық баяндамалар 26-тиамызда және 9-қыркүйекте ортаға салынады. Сайлау өте, 20-қыркүйекте миссия Астанада баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отыр.

Перейти к новостям спорта