Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы мен Еурокомиссия Қазақстанды Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі заңнамаларға енгізілетін түзетулерді асығыс қабылдамауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы мен Еурокомиссия Қазақстанды Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі заңнамаларға енгізілетін түзетулерді асығыс қабылдамауға шақырды

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы мен Еурокомиссия Қазақстанды Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі заңнамаларға енгізілетін түзетулерді асығыс қабылдамауға шақырды

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы мен Еурокомиссия Қазақстанды "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заңды асығыс қабылдамауға шақырды. Бұл туралы халықаралық ұйымдардың өкілдері бүгін, 22-сәуірде "Қазақстан Республикасының заңнамалары және адам құқығы мен қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық стандарттар" тақырыбындағы форум барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2005
  • 463
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Алматыдағы орталығының жетекшісі Ивар Виккидің айтуынша, мұндай заңды қабылдауда «мемлекет пен жеке тұлғаның мүдделері арасындағы тепе-теңдікті сақтау» қажет. Сол себепті де И.Виккидің пайымдауынша, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған заң жобаларын мүдделі жақтарды жаппай шақыра отырып, ашық әрі асықпай талқылаған жөн.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының пікіріне Еурокомиссияның Қазақстандағы өкілдігінің бірінші хатшысы Асад Бек те қосылды. «Еурокомисия Қазақстанда жүргізіліп жатқан демократияландыру процестерін қолдайды»,- деді ол. «Алайда, қазір талқыланып жатқан заң мен заң жобасына қатысты жұмыстардың қарқыны үлкен алаңдаушылық тудырып отыр»,-деді ол. А.Бектің пікірінше, мұндай заңды қабылдаудағы асығыстық азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына апарып соғуы ықтимал.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, парламент мәжілісінің жұмыс тобы «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» заң жобасы бойынша жұмыстарды аяқтаған. Заң жобасы 27-сәуірде мәжілістің жалпы отырысның талқысына ұсынылады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта