Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, тамыз айында Қазақстанда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының сайлауға бақылау жасау жөніндегі миссиясы жұмыс істей бастаған. Халықаралық ұйымның бақылаушылар тобы сайлау алдындағы науқанның барысын, БАҚ-тардың сайлау қарсаңындағы іс-қызметін қадағалауы тиіс. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының ауқымды тобы сайлау күні дауыс беру барысын бақылайды.
Қазақстан парламенті мәжілісіне депутат сайлау науқанының барысы туралы алғашқы баяндаманы ұйым 20-тамызда, сайлаудың ертеңінде жария етеді.