«Кеңес Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына мүше елдер арасындағы саяси диалогқа тың серпін беріп, Ұйымның жаңаша саяси ахуалдағы іс-қызметіне қатысты тұжырымдамалық көзқарасты әзірлеуі тиіс. Кеңес сонымен бірге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар жобасын жасау міндетін жүктейді»,- дейді министрліктегілер.
Кеңеске Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына мүше Германия, Ресей, АҚШ, Нидерланды, Норвегия, Хорватия және Қазақстан тәрізді жеті елдің танымал саяси және қоғам қайраткерлері енді. Қазақстан атынан кеңес мүшелігіне ҚР парламентінің сенаты комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов сайланды.