Еуропадағы су тасқынынан қаза тапқандар саны артты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропадағы су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Еуропадағы су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Бірнеше күн толассыз жауған жауын Еуропа елдерін есеңгіретіп кетті. Бір ғана Германияның өзінде табиғаттың тосын мінезі 10 адамның ажалына себеп болған.

  • 3 Маусым 2016
  • 329
Фото - Caravan.kz


Ал Францияда су деңгейінің жоғарылауы салдарынан атақты Лувр музейі жабылды. Елдегі Сена өзеніндегі су деңгейі соңғы 30 жылдағы рекордты көрсеткішке көтерілген. Салдарынан 5,5 мың адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Кейбір мәліметтерге қарағанда, өткен мамыр айы Францияда соңғы жарты ғасыр ішіндегі ең жауынды ай болған. Осыған байланысты ел президенті Франсуа Олланд аса қатты зардап шеккен аудандарға төтенше жағдай жарияламақ.