Жарияланды: 480

Еуропадан әкелінетін көкөністерге бақылау күшейтілді

ҚР денсаулық сақтау министрлігі республика аумағына әкелінетін көкөністерге бақылауды күшейтеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігері республика аумағына Германия мен Испаниядан әкелінетін көкөніс өнімдеріне бақылауды күшейтіп, міндетті түрде бактереологиялық зерттеу жүргізу туралы қаулы шығарды», - делінген ДСМ-нің дүйсенбі күні таратқан ақпаратында. Сондай-ақ, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикиасының сәйкес қызметтерімен өзара ықпалдастық орнатылды. «Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында импортталған және жергілікті қияр өнімдерін тұтынуға байланысты болған ішек инфекциясы оқиғалары тіркелген жоқ. Жағдайды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тұрақты бақылауға алып отыр», - делінген баспасөз мәлімдемесінде. ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті «жеміс-көкөніс өнімдерін (қияр) мұқият жуылғаннан кейін, ыстық суға шайып алған со тұтынуға кеңес береді», - делінген баспасөз мәлімдемесінде. Әлемдік БАҚ-тың хабарлауынша, Германиияда Испаниядан импортталған қиярларға байланысты ішек инфекциясы жайылды. ҚР ДСМ мәліметтеріне сәйкес, 1,2 мың адам ауырып, оның 10-ы қаза болған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін