Еуропадан әкелінетін көкөністерге бақылау күшейтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропадан әкелінетін көкөністерге бақылау күшейтілді

Еуропадан әкелінетін көкөністерге бақылау күшейтілді

ҚР денсаулық сақтау министрлігі республика аумағына әкелінетін көкөністерге бақылауды күшейтеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

  • 31 Мамыр 2011
  • 470
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігері республика аумағына Германия мен Испаниядан әкелінетін көкөніс өнімдеріне бақылауды күшейтіп, міндетті түрде бактереологиялық зерттеу жүргізу туралы қаулы шығарды», — делінген ДСМ-нің дүйсенбі күні таратқан ақпаратында.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикиасының сәйкес қызметтерімен өзара ықпалдастық орнатылды.

«Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында импортталған және жергілікті қияр өнімдерін тұтынуға байланысты болған ішек инфекциясы оқиғалары тіркелген жоқ. Жағдайды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тұрақты бақылауға алып отыр», — делінген баспасөз мәлімдемесінде.

ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті «жеміс-көкөніс өнімдерін (қияр) мұқият жуылғаннан кейін, ыстық суға шайып алған со тұтынуға кеңес береді», — делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Әлемдік БАҚ-тың хабарлауынша, Германиияда Испаниядан импортталған қиярларға байланысты ішек инфекциясы жайылды. ҚР ДСМ мәліметтеріне сәйкес, 1,2 мың адам ауырып, оның 10-ы қаза болған.

Соңғы жаңалықтар