Ол еліміздің бас қаласындағы тазалыққа тәнті болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласында өткен музыкалық фестивальде өнер көрсеткен Лолита Милявская елордадағы тазалыққа тәнті болғанын жеткізді.
«Мен осы елдің махаббатын жан-тәніммен сезінемін . Бұл ғажайып ел. Мен бұрын бір жерге барған сайын, турист ретінде таза, ұқыпты нәрселерді көргенімде «Еуропадағыдай» дейтінмін. Ал енді Еуропаға барғанда «Нұр-Сұлтандағыдай» деп айтатын боламын», — дейді әнші.