Е.Ашықбаевтың айтуынша, ол комиссияның саяси мәселелері бойынша аталмыш ұйымға Қазақстанның бақылаушы мәртебесін алуы жөніндегі негізгі баяндамашы болып табылады.
Сапар мақсаты еліміздің басшылығымен және мемлекеттік орган жетекшілерімен кездесу өткізіп, республикамыздағы саяси даму процесстерімен және демократиялық өзгерістермен танысу.
Сапар шеңберінде Тадеуш Ивиньскийдің Алматы, Астана және Көкшетауда болып, БАҚ, түрлі үкіметтік емес ұйым, саяси партия өкілдерімен, поляк диаспорасымен кездесулері жоспарланған. Бұл сапар қорытындысы Қазақстанға Еуропалық Кеңес Парламенттік Ассамблеясына бақылаушы мәртебесін беру жөніндегі дайындалып жатқан баяндамада көрініс таппақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті