Жарияланды: 940

Еуропалық Кеңес Қазақстанда өлім жазасына мораторий жариялау туралы шешімге қолдау білдіреді

Еуропалық Кеңестің Парламентаралық Ассамблеясының президенті Петер Шидер Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда өлім жазасына мораторий жариялау туралы жарлыққа қол қойғандығына қолдау білдірді. Бұл туралы Парламентаралық Ассамблеясы таратқан баспасөз баянында айтылған деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.

"Бұл өте оң қадам және ол Қазақстанда өлім жазасын толығымен жоюға алып келетініне үміттенемін. Қазақстан осы қадамы арқылы Еуропалық үрдістерге жақындауды көздейтіндігін көрсетіп берді. Осынау маңызды шешім 2004- жылғы қаңтарда Парламентаралық Ассамблея мен Қазақстан парламенті арасындағы ынтымақтастық туралы арнайы Келісімге қол қою қарсаңында қабылданып отыр", - деп атап өтті Петер Шидер. Ынтымақтастық туралы Келісімнің мақсаты парламенттік демократия, заңның үстемдігі, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу принциптерін дамыту үшін парламент пен Ассамблея арасындағы саяси диалогты жолға қою болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін