Еуропалық Кеңес Қазақстанда өлім жазасына мораторий жариялау туралы шешімге қолдау білдіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропалық Кеңес Қазақстанда өлім жазасына мораторий жариялау туралы шешімге қолдау білдіреді

Еуропалық Кеңес Қазақстанда өлім жазасына мораторий жариялау туралы шешімге қолдау білдіреді

Еуропалық Кеңестің Парламентаралық Ассамблеясының президенті Петер Шидер Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда өлім жазасына мораторий жариялау туралы жарлыққа қол қойғандығына қолдау білдірді. Бұл туралы Парламентаралық Ассамблеясы таратқан баспасөз баянында айтылған деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.

  • 12 Қаңтар 2004
  • 922
Фото - Caravan.kz

«Бұл өте оң қадам және ол Қазақстанда өлім жазасын толығымен жоюға алып келетініне үміттенемін. Қазақстан осы қадамы арқылы Еуропалық үрдістерге жақындауды көздейтіндігін көрсетіп берді. Осынау маңызды шешім 2004- жылғы қаңтарда Парламентаралық Ассамблея мен Қазақстан парламенті арасындағы ынтымақтастық туралы арнайы Келісімге қол қою қарсаңында қабылданып отыр», — деп атап өтті Петер Шидер.

Ынтымақтастық туралы Келісімнің мақсаты парламенттік демократия, заңның үстемдігі, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу принциптерін дамыту үшін парламент пен Ассамблея арасындағы саяси диалогты жолға қою болып табылады.

Соңғы жаңалықтар