Еуропалық Комиссия, Қара және Каспий теңізі мен Орталық Азия аймағы елдері энергетика және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропалық Комиссия, Қара және Каспий теңізі мен Орталық Азия аймағы елдері  энергетика және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті

Еуропалық Комиссия, Қара және Каспий теңізі мен Орталық Азия аймағы елдері энергетика және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті

Еуропалық Комиссия, Қара және Каспий теңізі мен Орталық Азия аймағы елдері энергетика және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті. Мұндай шешім 13-14-қазанда Әзербайжан астанасында "Еуропалық Одақ пен Каспий жағалауы және оған көршілес жатқан елдердің энергетика және көлік саласындағы ынтымақтастығы" тақырыбы бойынша өткен министрлер бас қосуының қорытындысы бойынша қабылданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бакуден.

  • 15 Қараша 2004
  • 861
Фото - Caravan.kz

2004-жылдың 1-мамырынан бастап Еуропалық Одақ аясының кеңейтілуіне, оған алдағы уақытта Болгария, Румыния және Түркияның бірігетіндігіне және Еуропалық Одақтың көршілес мемлекеттерге қатысты жаңа саясатының қабылдануына байланысты аталмыш салалардағы өзара ынтымақтастықты тереңдету қажет деп танылды.

Бас қосуға қатысушылар энергетика саласында Каспий жағалауы елдері мен оған көршілес елдердің аймақтық энергетикалық рыноктарын біртіндеп дамытуға қолдау көрсетуге мүдделілік туралы келісті. Бұл алдағы уақытта тиісті энергетикалық рыноктар мен Еуропалық Одақтың энергетикалық рыногын интеграциялауға мүмкіндік береді. Ал транспорт саласында аймақтық ынтымақтастықтың үлгісі ретінде ТРАСЕКА-ны дамытуға өзара мүдделілік туралы, сондай-ақ, көлік , соның ішінде жол қауіпсіздігін жақсарту мәселесі бойынша өзара ынтымақтастық туралы мәміле жасалды.
Әзербайжан үкіметінің вице-премьері Абид Шарифовтың айтуынша, Каспий бассейні елдерінің энергия көздерін экспорттау мүмкіндіктері Еуропа елдерінің аймаққа деген қызығушылығын арттыра түсуде. «Елдер экономикасы мен тұрғындарды энергетика көздерімен сенімді қамтамасыз ету үшін Каспий бассейні елдері мен Еуропалық Одақтың отын-энергетика саласын дамытудың стратегиялық бағдарламаларының өзара ықпалдастығы мен үйлесімділігін дамыту қажет. Каспий жағалауы елдері мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы электр энергиясы рыноктарының үйлесімділігі мен интеграциясын тереңдету тетіктерін жүзеге асыру мен болашақта энергия көздерінің біртұтас рыногын құру да өзекті болмақ»,- деді ол. А.Шарифовтың айтуынша, болашақта Каспий бассейні елдерінің энергетика жүйелері мен Қара теңіз бассейні елдерінің энергетика жүйелерін интеграциялауға мүмкіндік толық. «Алдын-ала бағалау бойынша бұл жобаны жүзеге асыруға қыруар қаржы қажет, дегенмен, оны қаржыландыру мәселесін шешу үшін жеке меншік инвестиция тартуда рынок аясын кеңейту мүмкіндігі маңызды факторға айналмақ»,- деді вице-премьер.
Транспорт саласындағы ынтымақтастық мәселесіне тоқталған А.Шарифов экономикалық интеграцияның әр елді дамытудағы маңызына тоқтала отырып, осыған байланысты ТРАСЕКА жобасын жүзеге асырудың өзектілігін атап өтті. «Еуропалық Одақ ТРАСЕКА дәлізін дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Аталмыш дәліздің арқасында Әзербайжан арқылы өтетін жүк тасымалы 2003-жылы 1996-жылмен салыстырғанда 14 есе өсті. Республикада тасымалға қолайлы жағдайлар жасалды. Сонымен бірге көлік инфрақұрылымын жаңалауға ауқымды қаржы тартылды. Алдағы уақытта модернизациялау процессі бұдан да пәрмендене түспек»,- деді А.Шарифов.
Әзербайжан вице-премьері кейінгі жылдары жүк және жолаушы тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің айрықша маңызға ие болғанын атап өтті. «Лаңкестік қаупінің алдын алу үшін күш біріктірудің маңызын атап өткен жөн. Сонымен бірге біздің аймақтың Таяу Шығыс, Ирак және Ауғанстанға жақындығы тасымал қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ықпалдастықтың маңызын тіптен арттыра түседі»,- деді ол.
Өз кезегінде Еуропалық Комиссияның көлік және энергетика жөніндегі бас директоратының жетешісі Франсуа Ламуре Еуропалық Одақ та көліктегі қауіпсіздік пен көлік инфрақұрылымын тиімді басқаруды қолдайтынын айтты. «Біз аймақ елдерімен көлік және энергетика саласындағы интергацияны тереңдетуден мүдделіміз» деген ол аймақтық ынтымақтастық дамыған сайын Еуропалық Комиссия тарапынан көрсетілетін қаржылық көмек ауқымы арта түсетінін атап көрсетті.
Бас қосуға Еуропалық Одақ, Оңтүстік Кавказ, Орталық Азия, Ресей, Украина, Молдова, Румыния, Болгария, Түркия және Иран өкілдері қатысты.

Перейти к новостям спорта