Еуропалық мамандар: Қазақстандағы қызметтік иттердің көбінің тұқымы бұзылған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропалық мамандар: Қазақстандағы қызметтік иттердің көбінің тұқымы бұзылған

Еуропалық мамандар: Қазақстандағы қызметтік иттердің көбінің тұқымы бұзылған

Қазақ кинологтарының қолындағы иттер қажыған. Еуропадан келген тәжірибелі мамандар осындай қорытынды жасап отыр. Есірткі мен заңсыз қару-жарақты тап басып, шекараны күзетуге атсалысатын қызметтік иттермен жұмысты жетілдіру қажет. Осы тұрғыда 2008 жылдан бері отандық мамандар кәрі құрлықта арнайы курстарға қатысып, біліктілігін шыңдаған. Биыл бұл шара Алматыда өтті. Жаңадан әкелінген күшіктер де көрсетілді.

  • 15 Шiлде 2011
  • 692
Фото - Caravan.kz

Достыққа селкеу қарап, жолдастыққа селқос келетін пендемен ұғысатын осы иттер. Қазақ жеті қазынаның біріне балаған салпаң құлақ, сояу азу, иісшіл танау, техникасы өзінен озған заманды да таңдай қақтыруын тоқтатар емес. Байыптасық иттің де тұқымы сан алуан. Қызметке қажеттісі бір төбе, құшаққа қысып қойныңа алып жататыны бір бөлек. Осы тұрғыда қазақ кинологтарының серіктері «қажыпты»дейді қарт құрлық өкілдері.

Йозеф Шутценхофер, Австрия ІІМ Кинология орталығының басшысы:

—  Арнайы  бағдарламаға арнап, елдеріңізге 15 ит іріктеп әкелдім. Жұмысқа қабілетті тұқымдар. Өйткені Қазақстандағы қызметтік иттердің көбінің тұқымы бұзылған.

2008 жылдан бастап кинологтарымыз Еуропаның табалдырығын тоздырыпты, тәжірибе жинап. Сол кезде барған 14 маманымызға 14 күшік телініп келген. Қазір солардың саны 116-ға жетіпті. Осы жолы да  бір айлық оқу курсы өткізілді. Әуелде кеңестік негізде ит баптағандардың Австрия әдістемесіне аңсарлары ауып отыр.


Рүстем Дәукеев, кинолог
:

—  Кеңестік әдістеме  қызметтік итті алады да, күшпен отырғызады да, тәтті беріп мадақтайды. Қызметтік ит қорыққаннан отырады. Австрия әдістемесінде ит  еркін жіберіледі. Клинкер деген  аспаппен үйретпекпіз.

Қызметтік иттер күшік күнінен қызметке дағдыланады.  Сегіз  айлығында іздеуге, із кесуге кіріседі,  сегіз жасқа толғанда демалысқа шығарылады.

Иттің сенімді серігіне иттік қылмайтыны ықылымнан белгілі.  Мына  төрт  жарым айлық Чиксиді күшік деп місе тұтпау — әбестік. Қазір қызметке қызу дайындық үстінде. Алла қалап,арада  төрт ай өтсе,қылмыскерлердің құтын қашыратын қағылездің өзі бұлмақ,бұл күшік.

Айтпақшы, иттерге пәрмен «тек орыс немесе шет тілінде беріледі»деген бос сөз. Бұл қара төбет тек қазақшаға мойынсұнып, қожайынының қалағанын қылады.

Соңғы жаңалықтар