Еуропалық Одақтың DIPECHO атты бағдарламасының аясында бөлінген бұл қаржы жергілікті билікке елдің ең қауіпті аймақтарында болуы мүмкін апаттарды алдын-ала сапалы болжауға, зардап шеккен тұрғындарға шұғыл көмекке келу мүмкіндігін арттыруға жәрдемдеседі. Қаржы «шағын ауқымды инфрақұрылымды нығайту» жұмыстарын қаржыландыруға жұмсалады. Бағдарламада жергілікті билікке тәуекелдерді бағалауға, табиғи зілзалаларға азаматтық қоғам тарапынан жауап қату жоспарын жасауға, шұғыл хабардар ету жүйесін құруға, сонымен бірге құтқарушы топтарға жабдықтар әзірлеуге септігін тигізуге бағытталады.
Комиссияның мәлімдемесіне түсініктеме берген Тәжікстан төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің орынбасары Әбдірахым Раджабовтың айтуынша, «биылғы жылдың қаңтар және тамыз айларында табиғи зілзала салдарынан Тәжікстанға 100 млн. доллардың шығыны келді. Оның 60 млн. доллары Хамадони ауданының үлесіне тиеді». Табиғи зілзалалар салдарынан 42 адам өмірмен қош айтысты.
Табиғи зілзалалардың алдын алу жөніндегі DIPECHO бағдарламасы 1996-жылдан бері жүзеге асырылуда. Осы мерзімде дүниежүзі бойынша 78 млн. евроның 319 жобасы жүзеге асырылды. 2003-жылдан бері Орталық Азия аймағындағы бағдарламаға 9 млн. евро бөлінді.