Еуропалық Одақ Қазақстанда демократия және адам құқығы саласындағы шағын жобаларды қаржыландыруға 320 мың евро көлемінде грант бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропалық Одақ Қазақстанда демократия және адам құқығы саласындағы шағын жобаларды қаржыландыруға 320 мың евро көлемінде грант бөлді

Еуропалық Одақ Қазақстанда демократия және адам құқығы саласындағы шағын жобаларды қаржыландыруға 320 мың евро көлемінде грант бөлді

Еуропалық Одақ Қазақстанда демократия және адам құқығы саласындағы шағын жобаларды қаржыландыруға 320 мың евро көлемінде грант бөлді. Бұл туралы бүгін, 15-желтоқсанда Еуропалық Одақтың бағдарламасына сәйкес "Демократия және адам құқығы саласындағы Еуропалық бастама" тақырыбы бойынша ұйымдастырылған дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар Алматыда хабарлады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Желтоқсан 2004
  • 840
Фото - Caravan.kz

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Демократия және адам құқығы саласындағы Еуропалық бастама Орталық Азиядағы жаңадан тәуелсіздікке ие болған елдерді қамти отырып, дүниежүзі елдеріндегі экономикалық және саяси реформаларды қолдау үшін демократия мен заңдылықты дамытуға бағытталады.

Қазақстан бойынша ұсынылған 38 жобаның арасынан қаржыландыруға 11 жоба ұсынылды. Олардың арасында «Қатыстылық және қорғау»: мүгедектер мен кембағал топтардың құқығын қорғау және демократияландыру құралдары; «ҚР ауылдық аумақтарды дамыту процессіне азаматтардың қатысу аясы мен ролін арттыру» сынды жобалар бар.

Перейти к новостям спорта