Еуропалық одақ Қазақстанмен шикізаттық мәселелер бойынша екіжақты диалогты дамытуды қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропалық одақ Қазақстанмен шикізаттық мәселелер бойынша екіжақты диалогты дамытуды қолдайды

Еуропалық одақ Қазақстанмен шикізаттық мәселелер бойынша екіжақты диалогты дамытуды қолдайды

Еуропалық одақ Қазақстанмен шикізаттық мәселелер бойынша екіжақты диалогты дамытуды қолдайды.

  • 4 Шiлде 2011
  • 432
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан ASTANA MINING & METALLURGY атты 2-ші халықаралық тау-кен металлургия конгресі барысыда сөз сөйлеген Еуропалық одақтың Қазақстандағы делегация басшысы Норбер Жустен осылай мәлім етті.

«Минералдық ресурстар Еуропалық одақ экономикасында да маңызды рөл атқарады. Мәселен Еуропалық одақ бойынша шамамен 315 мың адам түсті металдар саласында жұмыс істесе, ондағы жыл сайынғы айналым елу бес млрд. еуроны құрайды. Сондықтан да түсті металл Еуропалық одақтың экономикасында аса жоғары маңызға ие. Сонымен қатар, бүгінгі күні шикізат бағасы шектен тыс көтерілу үрдісіне ие болып отыр. Ал бағаның бұлайша өсуі негізгі жеткізушілерге қатысты болып отырғаны түсінікті», ‑ дейді Н. Жустен. Оның айтуынша, ағымдағы жылғы ақпанда Еуропалық комисия жаңа стратегиялық құжатты қабылдады, онда шикізатқа қауіпсіздікпен қолжетімділіктің негізгі стратегиялық ұстанымдары қамтылады. Комиссия келешек үшін маңызды болып табылатын он бір негізгі бағыттарды анықтаған.

«Еуропалық комиссияның жаңа стратегиясы Еуропалық одаққа шикізатты жеткізуді қамтамасыз етудің үш негізгі бағытын қамтитын саясатын жүзеге асыруды көздейді. Бұл үш бағыт ең алдымен халықаралық нарық үшін шикізаттың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді. Сондықтан да Еуропалық одақ барлық әріптестерімен, оның ішінде Қазақстанмен шикізаттық экспорттық шектеу, қолжетімділікті азайту секілді жағымсыз мәселелер бойынша екіжақты диалогты дамытуды қолдайды», ‑ дейді Н. Жустен.

Соңғы жаңалықтар