К.Паттеннің пайымдауынша, «бұл — шетелдік инвесторларға жасалатын жағдайды жақсартуда айрықша маңызды қадам болмақ». «Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуі аталмыш ұйымға да, Қазақстанның өзіне де өте тиімді»,- деді К.Паттен.
Қазақстан — Еуропалық Одақтың Орталық Азия аймағындағы ірі сауда-инвестициялық әріптесі болып табылады. 2003-жылы Еуропалық Одақ елдері мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 4,04 млрд. долларды құрады. Бұл 2002-жылғы көрсеткіштен 31 процент артық. 2003-жылғы экспорт көлемі 1,985 млрд. долларды, импорт — 2,056 млрд. долларды құрады. Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар арасында Италия (7,9%), Франция (2,2%), Нидерланды (1,4%), Ұлыбритания және Германия ( әрбіреуі 1,1%-тен) бар. Еуропалық Одақ елдеріне Қазақстан негізінен мұнай және мұнай өнімдері, асыл емес металл түрлері, ауылшаруашылығы, химиялық және минералды өнімдер мен тоқыма бұйымдар шығарады.