Еуропалық Одақ тарапынан Қазақстанға айрықша старегиялық қызығушылық танытылып отыр - Еуропалық комиссияның еліміздегі делегациясының жетекшісі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропалық Одақ тарапынан Қазақстанға айрықша старегиялық қызығушылық танытылып отыр - Еуропалық комиссияның еліміздегі делегациясының жетекшісі

Еуропалық Одақ тарапынан Қазақстанға айрықша старегиялық қызығушылық танытылып отыр - Еуропалық комиссияның еліміздегі делегациясының жетекшісі

"Еуропалық Одақ тарапынан Қазақстанға айрықша старегиялық қызығушылық танытылып отыр". Бүгін, 22-қазанда Қазақстандағы салық әкімшілігін реформалау мәселесіне арналған конференция барысында Еуропалық комиссияның еліміздегі делегациясының жетекшісі Алан Ваддамс осындай пікір білдірді.

  • 22 Қазан 2003
  • 529
Фото - Caravan.kz

Оның атап көрсетуінше, Еуропалық Одаққа мүше елдер мен оған келешекте қамтылуы мүмкін елдерде қазір қызу талқыланып жатқан Еуропа ауқымын кеңейту жөніндегі жаңа модельге сәйкес, одаққа аумағының ұлтарақтай бөлігі болса да географиялық тұрғыдан Еуропаға жататын елдер де қосылуы мүмкін. Атап айтсақ, бұл жерде әңгіме Түркия турасында болып отыр.

«Орал қаласы да ғаламшардың еуропалық бөлігінде орын тепкен»,- деп ескертті А.Ваддамс. Оның пікірінше, мұндай жағдаят Қазақстанға өзін Еуропалық Одаққа мүшелікке қабылдау жөнінде өтініш білдіруге мүмкіндік береді. Еуропалық комиссияның еліміздегі делегациясы жетекшісінің айтуынша, дәл қазіргі таңда мұндай мүмкіндік Қазақстан үшін «потенциалдық» мүмкіндіктер қатарына жатады. «Аталмыш оқиға нақты жүзеге асқанға дейін біз Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға тиіспіз»,- деді А.Ваддамс.

Соңғы жаңалықтар