Еуропалық парламентшілер Қазақстан басшылығының демократиялық құндылықтарды орнықтыруға бағытталған талпыныстарын жоғары бағалауда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропалық парламентшілер Қазақстан басшылығының демократиялық құндылықтарды орнықтыруға бағытталған талпыныстарын жоғары бағалауда

Еуропалық парламентшілер Қазақстан басшылығының демократиялық құндылықтарды орнықтыруға бағытталған талпыныстарын жоғары бағалауда

Еуропарламенттің Қазақстанмен байланыс жөніндегі өкілдерінің жетекшісі Антонио Ди Пьетро бастаған бір топ депутаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жолдап, онда Қазақстан басшылығының "демократиялық мемлекеттегі іргелі құндылықтарды" қолданысқа енгізуге және оларды орнықтыруға бағытталған талпыныстарын жоғары бағалады. Жолдауды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі таратты.

  • 9 Наурыз 2004
  • 392
Фото - Caravan.kz

Еуропарламент мүшелері Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Болат Байқадамовпен жуырда болған кездесулердің маңызын жоғары бағалап, оның жемісті өткенін жеткізген. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Еуропарламентте еліміздегі адам құқығының қорғалу жағдайы туралы шолу баяндама жасаған болатын.

Сондай-ақ, Қазақстан басшылығының өлім жазасына мораторий жариялау туралы шешімі де Еуропа үлкен серпіліс тудырды, делінген жолдауда.
Еуропалық депутаттар журналист Сергей Дувановтың қамаудағы жағдайының өзгергені туралы ақпаратты да қолдады. «Қамаудан босағаннан кейін де оның журналист ретінде кәсіби жұмысына қайтадан оралуына ешбір кедергі болмайтындығы бізді қуантады»,- делінген хатта.
Сонымен бірге хат авторлары «экономикалық ілгерілеу мен демократия жолында Қазақстан әлі де талай тар жол, тайғақ кешуден өтетінін» атап өткен.
Еуропалық парламентшілер Қазақстанда күзде өтетін парламент сайлауын «үлкен қызығушылықпен» қадағалайтынын хабарлапты.
ҚР СІМ-нің хатқа қосқан түсініктемесінде атап көрсеткеніндей, оны «нышандық» жолдау ретінде тануға болады. «Еуропарламент Қазақстанның қоғамды одан әрі демократияландыру мен саяси реформаларды жүзеге асыруда айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізгенін ресми түрде мойындап отыр». Сыртқы саясат мекемесі өкілдерінің пайымдауынша, «жолдауда еліміздегі саяси және экономикалық өзгертулердің дамуына жан-жақты әрі байыпты баға берілген».

Соңғы жаңалықтар