Еуропалық қайта құру және даму банкі "Казкоммерцбанк" ААҚ-ның дауыс беруші акцияларының 15 процентін сатып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропалық қайта құру және даму банкі "Казкоммерцбанк" ААҚ-ның дауыс беруші акцияларының 15 процентін сатып алды

Еуропалық қайта құру және даму банкі "Казкоммерцбанк" ААҚ-ның дауыс беруші акцияларының 15 процентін сатып алды

6-маусымда Еуропалық қайта құру және даму банкі "Казкоммерцбанк" ААҚ-ның дауыс беруші акцияларының 15 процентін сатып алу туралы келісімге қол қойды.

  • 7 Маусым 2003
  • 599
Фото - Caravan.kz

Еуропалық қайта құру және даму банкі тарапынан келісімге банк президенті Жан Лемьер, ККБ тарапынан «Казкоммерцбанк» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы Нұржан Субханбердин қол қойды.

Сатылған әрбір акцияның құны 0,59 долларды құрап, жалпы сауда-саттық құны 30,6 млн. доллар болды.
Акциялар пакетін сатып алуға арналған баспасөз мәслихатында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьердің атап көрсеткеніндей, аталмыш сауда-саттық Қазақстандағы ең ірі жеке меншік банктің сенімділігін, жұмысындағы табыс пен ашықтықты паш етсе керек. Сондай-ақ Жан Лемьер бұл Еуропалық қайта құру және даму банкінің ТМД елдеріндегі банктерге салған аса ірі инвестициясы екенін атап көрсетті. Шетелдік банктен түскен сомма толықтай Казкоммерцбанкті капиталдандыруға жұмсалатын болады.
Н.Сұбханбердиннің айтуынша, «Казкоммерцбанк» ААҚ-ның 15 % акцияларын сатып алу арқылы Еуропалық қайта құру және даму банкі оның директорлары кеңесіне өз өкілін тағайындай алады. Соның арқасында ККБ корпоративтік басқару стандарттарының деңгейін едәуір арттырып, банктің сенімділігі мен ашықтығын нығайта алады. Сондай-ақ банктің өз клиенттеріне ұсынатын қызметтер ауқымы мен сапасын арттыруға мүмкіндігі артады. Осындай жобалардың бірі ретінде Н.Субханбердин жеке тұлғаларды 15-20 жылға есептелген ұзақ мерзімді несиемен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа қызмет түрін атады.

Соңғы жаңалықтар