Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстандағы шағын бизнес саласына 680 млн. доллардың несиесін берді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстандағы шағын бизнес саласына 680 млн. доллардың несиесін берді

Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстандағы шағын бизнес саласына 680 млн. доллардың несиесін берді

Еуропалық қайта құру және даму банкі 1998-жылы Қазақстанда қолға алған шағын бизнесті дамыту бағдарламасы аясында шағын бизнес саласының 4 мыңдай өкілі 10 мыңнан 200 мың доллар аралығында жалпы көлемі 680 млн. доллардың несиесін алды. Бұл туралы бүгін, 8-желтоқсанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы өкілдері Лоренц Гесснер мен Эльвира Лифтинг журналистрге жария етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Желтоқсан 2004
  • 734
Фото - Caravan.kz

Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік бағдармасының жаңа кезеңіне сәйкес Алматыдағы әмбебап бұйым базарындағы «Асхат» сауда үйінде шағын бизнеске несие тарату орталығы ашылды. Бұл орталық Еуропалық қайта құру және даму банкі мен «ТұранӘлемБанкі» АҚ-ның бірлескен жобасы бойынша құрылды.

«Еуропалық қайта құру және даму банкінің шағын бизнесті дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға Қазақстандағы бес коммерциялық банк қатысуда. Алайда, несиелендіру жұмыстарының басым бөлігін «ТұранӘлемБанкі» АҚ жүзеге асырады»,- деді банк өкілдері.
Қазіргі жағдаймен Еуропалық қайта құру және даму банкінің бағдарламасы бойынша «ТұранӘлемБанкі» АҚ-ның несиелік қоржыны 60 млн. доллардан асады.
«Жаңа жоба бойынша әріптес-банкті таңдауда ТұранӘлемБанкінің шағын кәсіпкерлік саласын несиемен қамтамасыз ету жүйесіндегі жетекшілік ролі шешуші факторға айналды. Соңғы жеті жылда шағын және орта бизнес саласына арнап ТұранӘлемБанкі бөлген несие көлемі 158 млн. доллардан асты»,- деді Э.Лифтинг.
Алдағы уақытта Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстандағы шағын бизнес субьектілеріне несие беру саясатын қайта қарамақшы. Атап айтсақ, 2005-жылдың 1-қаңтарынан бастап Шағын бизнесті дамыту бағдарламасы бойынша барлық өкілеттілікті әріптес банктерге сатылы түрде өткеріп беру көзделіп отыр. Ал Еуропалық қайта құру және даму банкі ақыл-кеңес беру және мониторинг жүргізу функцияларын сақтап қалады.
Сондай-ақ, 2005-жылдың ақпан айынан бастап Еуропалық қайта құру және даму банкі ауылшаруашылығы саласындағы шағын және орта бизнес субьектілерін қаржыландыруға қосымша несиелік желі ашуды межелеп отыр.

Перейти к новостям спорта