Ж.Лемьер: «біз бұл идеяны өте құптаймыз. Бұл ілгерлеушіліктің қозғаушы күші болып табылатын және шетелдік инвесторларды тартатын өте мықты идея», — деді. Оның пікірінше Қазақстанда жұмыс істейтін қаржы орталығын құру үшін, «Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шет елдерде де мойындалатындай банк саласын қадағалаудың жетілген жүйесі болу қажет».
Сондай-ақ, Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы «Қазақстанда лаңкестікпен күрес және заңсыз жолмен тапқан ақшаны заңдастырып алумен күрес саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру қажеттігін» атап көрсетті. Ж.Лемьердің пікірінше, сондай-ақ, «қаржылық қызмет көрсетудің сапасын мейлінше көтеруге бағытталған қуатты тұжырымдама қажет».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті