Еуропаның 2013-2014 маусымындағы ең үздік футболшысы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропаның 2013-2014 маусымындағы ең үздік футболшысы анықталды

Еуропаның 2013-2014 маусымындағы ең үздік футболшысы анықталды

Мадридтік «Реал» құрамасының шабуылшысы португалдық Криштиану Роналду Еуропа футбол қауымдастығы (УЕФА) одағының нұсқасы бойынша Еуропаның 2013-2014 жылғы ең үздік футболшысы атанды.

  • 29 Тамыз 2014
  • 423
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Монте-Карлодағы чемпиондар Лигасының жеребе тастауынан кейін белгілі болды. 

«Биылғы жыл мен үшін аса тамаша болды. Мен өз командамды, бапкерім мен жанкүйерлерімді мақтан тұтамын. Аса қуаныштымын. Командаластарыма алғыс айтамын, себебі оларсыз бұл жүлдені иеленбес те едім», — дейді Роналду.

29 жастағы ойыншы «Реал» құрамасында чемпиондар Лигасы мен УЕФА суперкубогын ұтқанымен, чемпионатта да, Испания кубогында да жеңіліске ұшырады. Сондай-ақ Роналду бастаған португалдық команда биылғы Бразилиядағы әлем чемпионатында да топ жарып шыға алмаған еді.

«Еуропадағы маусымның ең үздік ойыншысы» жүлдесі УЕФА-да 2011 жылдан бастап France Football апталығы Еуропадағы маусымның үздік ойыншысына беретін «Алтын доп» ФИФА тапсыратын «Әлемдегі жылдың ең үздік ойыншысы» жүлдесімен біріктірілген соң пайда болды. УЕФА-ның жаңа жүлдесінің иегерін де 1956-2009 жылдар аралығындағы «Алтын доптағыдай» журналистер анықтайды.

«Еуропадағы маусымның ең үздік ойыншысы» жүлдесінің алғашқы иегері 2011 жылы Лионель Месси болды. Оны 2012 жылы Андрес Иньеста, ал 2013 жылы Франк Рибери алды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера