Еуропаның ең арзан қалалары анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропаның ең арзан қалалары анықталды

Еуропаның ең арзан қалалары анықталды

Белград (Сербия), Прага (Чехия), Будапешт (Венгрия), Загреб (Хорватия), Любляна (Словения) Еуропаның ең арзан қалалары болып шықты. Мұндай қорытындыны Германияның көлік әуесқойларының ADAC клубы арнайы зерттеу жүргізгеннен кейін жасап, ұсынып отыр, деп жазады Росбалт. 

  • 1 Қазан 2014
  • 499
Фото - Caravan.kz

Зерттеу талаптары бойынша, бұл қалалар шаһар бойынша саяхат, гид қызметі, қоғамдық көлік бағасы, мейрамханалардан түстену құнының арзандығы бойынша анықталған.

Орташа есеппен, бұл мемлекеттерде 2 күндік демалыс құны, қонақ үй шығынын есептемегенде шамамен 70 еуро болады.

«Әсіресе, Прага мен Будапештте сусын, мейрамханаларда тамақтану өте арзан. Бірақ салыстырмалы түрде қоғамдық көлік қымбат», деп жазылған мақалада.


Ал Еуропаның: Осло, Париж, Копенгаген қалалары кәріқұрлықтағы ең қымбат шаһар саналады.